+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Индонезиядағы алапат су тасқынынан 60 адам ажал құшты

2020 жылғы 5 қаңтар 13:56
Бөлісіңіз:
Индонезиядағы алапат су тасқынынан 60 адам ажал құшты

ЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Сенбі, 4 қаңтарда Индонезия құтқару қызметі су тасқынынан зардап шеккен елдің шалғай аудандарына азық-түлікті тікұшақпен жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сhannelnewsasia.com сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда құрастырылған робот-қасқыр аңдарды үркітіп жатыр Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды ОАР-да медициналық тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты

Табиғи апаттан қаза тапқандар саны 60 адамға жетті. Ел билігі жауын-шашынның тағы да жаууынан қауіптеніп отыр.

Су тасқынынан үлкен қалалық конгломераттың баспанасына зардап шеккен 170 000-нан астам адам эвакуацияланды. Соңғы деректер бойынша Жакартада 30 миллион адам тұрады.

Жаңа жыл қарсаңында басталған жауын-шашыннан Ява араланың оңтүстік бөлігі мен аймағында су тасқыны мен көшкін болған.

Сенбі күні Индонезия табиғи апат залалын жою агенттігінің өкілдері қаза тапқандар санының 60-қа жеткенін мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілдері 11 мыңға жуық медицина қызметкерлері мен сарбаздар А гепатиті, маса арқылы таралатын денге безгегі және басқа да аурулардың, соның ішінде инфекциялардың алдын алу үшін дәрі-дәрмектер, дезинфекциялық құралдар, гигиеналық жиынтықтар және тамақ жеткізу үшін жіберілгенін айтты.

Жакарта қарашаның аяғында басталатын жаңбыр маусымында су тасқынынан үнемі зардап шегіп келеді. Сарапшылардың айтуынша, жағдай қаладағы су шығару жүйесінің нашарлығы және халықтың тез өсуіне байланысты баспана құрылысының көптігінен күшейіп жатыр.

Индонезия президенті Джоко Видодо ел астанасын Борнео аралына көшіру жоспарын жариялады.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Индонезиядағы су тасқынына байланысты көңіл айтқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT