USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Индонезияда жанартау атқылауынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

2021 жылғы 5 желтоқсан 11:58
Бөлісіңіз:
Индонезияда жанартау атқылауынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Ява аралындағы Семеру жанартауының атқылауы салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы жексенбі күні Лумаджанг округі үкіметі басшысының орынбасары Инда Ампервати мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Detik жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

«Бүгін тағы 12 адамның мәйіті табылды», - деді шенеунік. Сенбі күні бір жергілікті тұрғынның қаза тапқаны расталды.

«Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастыруда», - деп атап өтті округ басшысының орынбасары.

Бұған дейін ыстық лаваның төгілуінен күйік шалған бірнеше ондаған адам ауруханаға түсті.

Басылым жазғандай, жергілікті тұрғындар ерте хабарлау жүйесі жұмыс істемегендіктен, көбі үйлерінен шығып үлгермей, салдарынан құм, лай және күлге батқан. Семеру жанартауының белсенділігінің артуы сенбі күні сағат 15:20 шамасында тіркелді.

Семеру – Ява аралындағы ең биік шың, оның алдындағы атқылау осы жылдың қаңтарында болған, ол кезде жергілікті тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT