Индонезияда су тасқынында 12 бала көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия құтқарушылары жұма күні Солтүстік Суматрада су тасқыны кезінде із-түзсіз кеткен 17 бастауыш сынып оқушысын тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Jakarta Post басылымына сілтеме жасап.

Басылымның келтірген мәліметіне сәйкес, табиғат апаты кезінде осы мектептің 12 оқушысы құрбан болған.

Сонымен қатар, өткен түнде жоғалып кеткен екі мектеп мұғалімі де дін аман табылған. Құтқарылған жандардың бірқатары жарақат алған, алайда мамандар «олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ» деп мәлім етті.

Басылымның жазуынша, табылған балалардың жастары 12-ден аспайды.

Еске сала кетсек, бірнеше күнге созылған толассыз жаңбыр соңы Мандайлингнатал округінде су тасқынына айналып, лай көшкіні жүрген. Табиғат апатынан жалпы 20-дан астам адам мерт болған. 

Соңғы жаңалықтар