Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

None
None
ЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Индонезия астанасы Жакартада су тасқынынан қаза тапқандар саны 43-ке жетті, сонымен қатар 400 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Мемлекеттің әлеуметтік қамту министрлігінің хабарлауынша, қаланың 90 ауданында қатты жаңбыр жауып, өзендер арнасынан шыққан.

400 мыңға жуық адам эвакуацияланып, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Ал құтқарушылар қаланың кейбір аудандарына кіре алмай отыр.

Джакарта әуежайы бейсенбі күні ашылды. Әуежайдың жабылуынан 20 мың адам ұша алмаған еді.

Айта кету керек, Жакартада 10 млн адам тұрады. Су тасқыны мен жер сілкінісінен қала бюджетіне 6,5 млн доллар шығын келді.



Соңғы жаңалықтар