Индонезияда су тасқынынан 47 адам қаза тапты

None
None
ЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Индонезия астанасы Жакарта мен оған жақын маңдардың тұрғындары су тартылғанын күтіп, апатты баспанада отыр. Су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 47-ге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат AP басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Муссондық жауын мен өзендердің көтерілуінен Жакарта аудандары мен қала маңында сел болып, көршілес Лебакта 10 адам қаза тапты.

Индонезия табиғи апаттың салдарын жою Ұлттық агенттігінің баспасөз хатшысы Агус Вибово (Agus Wibowo) мерт болғандар қатарында Жаңа жыл қарсаңында жауған нөсер жаңбырдан кейін суға батып кеткендер мен өзендер арнасынан асқан кезде электр тогы тиіп, опат болғандар бар екенін мәлімдеді. Үш адам суық тиіп қайтыс болды.

Бұл - 2007 жылдан бері болған ең қатты тасқын, 10 күн ішінде 80 адам қаза тапты.

Вибовоның айтуынша, тасқын кезінде 397 мың адам үлкен қалалық аудандардағы мекендерге тығылған, өйткені тасқын судың биіктігі кейбір жерлерде 6 метрге (19 фут) жеткен. Агенттіктің мәліметі бойынша, 173 мыңға жуық адам әлі үйлеріне қайта алмай отыр, ең көп зардап шеккен - Бекаси ауданының тұрғындары.

152 мың адам бұрынғыша Жакартаның Бекаси қаласындағы 98 апатты мекенде отыр. Агенттік қаланың көп бөлігінде су әлі 2 метрге жететінін айтты.

Үкімет судың тартылғанын пайдаланып көшелерді балшық пен қоқыстан тазартып жатыр. Он мыңдаған үй мен мекемелерде электр желісі қалпына келтірілді.

Метерология, климатология және геофизика агенттігінің басшысы Двикорита Карнавати (Dwikorita Karnawati ) жақын күндері ел астанасында тағы да нөсер жауып, Индонезиядағы жауын-шашын келесі айға дейін сақталуы мүмкін екенін айтты.

Үкімет жұма күні Жакартадан жауын бұлттарын шығаруға кірісті. Билік сәуірде аяқталатын жауын-шашын маусымында бұдан да үлкен су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.

Су тасқыны Индонезияның инфрақұрылым мәселесін алдыңғы орынға қойды.

Мемлекет астанасында 10 миллион адам өмір сүреді, қала сыртындағы тұрғындарды қосқанда 30 млн адам. Джакарта жер асты суларын дұрыс пайдаланбағандықтан әлемнің ең жылдам бататаны қалаларының бірі саналады, астанада жер сілкінісі мен су тасқыны жиі болып тұрады. Бағалау бойынша халық тығыздығы ел экономикасына жылына 6,5 млрд доллар шығын келтіреді.

Президент Джоко Видодо тамыз айында ел астанасы халық сирек қоныстанған, тропикалық ормандары және орангутандарымен танымал Борнео аралындағы Шығыс Калимантан провинциясына ауысатынын мәлімдеді.




Соңғы жаңалықтар