USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Индонезияда Семеру жанартауы атқылады, маңындағы тұрғындар қашып жатыр

2021 жылғы 4 желтоқсан 18:38
Бөлісіңіз:
Индонезияда Семеру жанартауы атқылады,  маңындағы тұрғындар қашып жатыр

ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Бүгін сенбіде Индонезияның шығыс Ява аралының шығысындағы Семеру жанартауы атқылап, аспанға түтін мен күл шашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Германия университетінде студент қарудан оқ жаудыра бастаған Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды Коронавирус іш қуысының қабынуын тудыруы мүмкін – вирусологтар

Жанартаудың кенеттен атқылауынан үрейленген тұрғындар өзге елді мекендерге, соның ішінде Лумаджанг ауданы аумағына қашып жатыр.

Елдің табиғи апаттардың салдарын жою агенттігі (BNPB) әзірге ғимараттың зақымдануы немесе құрбан болғандар туралы хабарламады. Ал жергілікті төтенше жағдайларды басқару агенттігі эвакуациялық шатырлар орнатып жатқанын мәлім етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT