Индонезияда мыңжылдық жанартау қайта оянды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Бали аралындағы Агунг жанартауы қайта оянды, деп хабарлайды National Geographic .

null

Малайя архипелагына енетін аралдың ең биік нүктесі ағымдағы жылдың тамыз айында оянған болатын. Соның салдарынан 120 мың адам бұрынғы жойқын апаттардың қайталануынан үрейленіп баспанасын тастап кеткен.

null 

2017 жылдың қазан айына қарай жанартаудың белсенділігі бәсеңдей түскендіктен, билік те қауіп деңгейін төмендеткен. Алайда 21 қарашадан бері жанартаудан қою түтін қайта шығып жатыр, одан шыққан күл  жақын маңдағы бес елді мекенді басып қалды. Ғалымдар Агунг жанартауының атқылау-атқыламауы туралы кесіп ештеңе айта алмай отыр, дегенмен ел билігі тұрғындарды 6 шақырымдық радиустан алыс жүруге шақыруда.

null 

Volcanology and Geological Hazard Mitigation зерттеу орталығының ғалымдары жанартау белсенділігі 3-ші деңгейге жетті деп отыр (ең жоғары белсенділік деңгейі - 4-ке тең). 

null 

Биліктің жанартаудан қауіптенуіне негіз бар. Мыңжылдық тарихында 3142 метрлік жанартау төрт рет атқылап, соның барлығы аса ауыр салдарға әкеп соқтырған. 1963-1964 жылдары соңғы рет оянғанда 1100 адамның өмірін қиып, ондаған мың адам баспанасынан айырған еді.

null 

null 

Соңғы жаңалықтар