Индонезияда қуаты 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

None
None
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Индонезияның Минахаса және Сулевеси араларында қуаты 5 баллдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады РБК агенттігі.

Жер сілкінісі маусымның 12-сі күні Гринвич уақыты бойынша 3:49-да тіркелген. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің кіндігі солтүстік ендікте 1,034 градуста және шығыс ұзақтықта 120,127 градуста координаттағы нүктеде тіркелген. Ал оның ошағы - 43,5 шақырым тереңдікте. Қаза тапқандар мен қирандылар туралы мәліметтер әзірге түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар