Индонезияда екі адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

None
None
ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Индонезия президенті Джоко Видодо дүйсенбі күні елде екі адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Индонезияда екі адамның сынамасы коронавирусқа оң нәтиже берген.

«Индонезияға келген жапондық екі адаммен, 64 жастағы анасымен және оның 31 жастағы қызымен кездескен», - деді Видодо.

Сондай-ақ, ол Индонезия билігінің жапондықтың байланысқа түскен барлық адамдарды тестілеуден өткізгенін атап өтті. Таяуда Джакартада болған Жапония азаматынан COVID-19 27 ақпанда табылған. Ол Куала-Лумпурда тұрады, деп хабарлады Видодо.

Бұдан бұрын Индонезия елде ешкімнің коронавирусқа шалдықпағанын мәлімдеген болатын. Жексенбідегі жағдай бойынша, елде 333 адам коронавирусқа тексеруден өткен. Олардың барлығы, тек екеуінен басқасы теріс нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, аталған ел Қытайдың Ухань қаласынан 238 Индонезия азаматын эвакуациялаған. Өткен аптада тағы 188 Индонезия азаматы Гонконгта World Dream круиздік лайнерінен эвакуацияланып, Себару аралында карантинге орналастырылды.

Жексенбі күні 69 Индонезия азаматы Жапониядағы Diamond Princess круиздік лайнерінен эвакуацияланды. Олар да адам тұрмайтын аралға жеткізілген еді.


Соңғы жаңалықтар