+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Индонезияда цунамиден 20 адам мерт болып, 165-і зардап шекті

2018 жылғы 23 желтоқсан 10:51
Бөлісіңіз:
Индонезияда цунамиден 20 адам мерт болып, 165-і зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешкісін Индонезияның батыс бөлігіндегі Зонд бұғазы жағалауында цунами болып, салдарынан кем дегенде 165 адам зардап шегіп, 20-сы қаза тапты. Тағы екі адам із-түзсіз жоғалған. Сондай-ақ, көптеген үйлер мен ғимараттар қираған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің Табиғи апаттардың алдын алу агенттігінің өкілі Сутопо Пурво Нугрохоға сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, цунами Джакарта уақытымен 21:27-де болған, салдарынан Зонд бұғазы жағалауындағы аудандар, соның ішінде Бантен провинциясы Пандегланг және Серанг округтері және Лампунг провинциясы Оңтүстік Лампунг округі зардап шеккен.

«Табиғи апат қаупі мен құрбандар саны артуы мүмкін. Себебі көптеген зардап шеккен аудандарда әзірге бағалау жүргізілмеді», - деді ол.

Жергілікті табиғи апат залалын жою қызметінің ақпараты бойынша, қаза тапқандардың басым бөлігі - демалыс күндерін осы аудандарда өткізуге келген индонезиялық туристер.

Фото: BNPB / HANDOUT, EPA-EFE

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT