Индонезияда алып питон ер адамды жұтып қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Сулавеси аралында алып питон ересек ер адамды жұтып қойды. Бұл туралы Daily Mail басылымына 28 наурыз күні хабарланған, деп жазады lenta.ru. 

Басылым таратқан ақпарат бойынша, 25 жасар Акбар Салубиро жексенбі күні жоғалып кеткен және осы күні ол көрші ауылға барып келмек болған. Келесі күні ауыл азаматы туралы ешбір хабар болмағанына алаңдаған тұрғындар оны іздей бастайды. Сол күні тұрғындар үйдің артынан орта тұсы дүңкиген 7 метрлік алып жыланды көреді. Олар жыланның ішін жарып, Салубироны тауып алды.

Ауыл кеңесінің өкілі жылан табылатын күннің түнінде адамдар пальма алқабынан әлдекімнің шыңғырған даусын естіген, алайда онда ешкім бара қоймаған. Адамдардың неге көмекке бармағанын ол айтқан жоқ.

2013 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында Үндістанда алып питонның көшеде жатып қалған мас адамды жұтып қойғаны туралы ақпарат тараған болатын. Материалда адам жұтып қойған жыланның суреті де жарияланды. Алайда BuzzFeed басылымы Индонезия, Оңтүстік Африка және Қытайда болған тап осындай жағдайлар туралы ақпараттарда да осы суреттің жарияланғанын хабарлаған болатын.

Суреттегі жыланның адам жұтып қойғанын дәлелдей алатын фактілер болған жоқ еді.

Соңғы жаңалықтар