Индонезияда 53 адам мінген сүңгуір қайық жоғалып кетті

None
None
ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Индонезияның әскери теңіз флоты 53 адам мінген сүңгуір қайықты іздестіріп жатыр, ол жаттығулар кезінде байланысқа шықпай қойған. Индонезия сүңгуір қайықты табу үшін Аустралия мен Сингапурға көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезия әскери теңіз флотының өкілі KRI Nanggala-402 сүңгуір қайығы Бали аралының солтүстігіндегі суларда торпедалық жаттығулар өткізгенін, бірақ жаттығулар нәтижесін ұсынбағанын мәлім еткен.

Дереккөз Индонезия Аустралиядан және Сингапурдан сүңгуір қайық пен хабар-ошарсыз кеткен экипаж мүшелерін іздеуге көмек сұрағанын растады. қайықпен байланыс бүгін таңертеңгі сағат 4:30-да үзілген.

Іздеу барысы туралы қосымша ақпарат бейсенбі күні Балиде өтетін БАҚ брифингісінде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар