Индонезияда 200 жолаушысы бар кеме жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия елінің қауіпсіздік күштері екінші тәулік бойы «Таруна Макмур» (Taruna Makmur) деп аталатын кеменің суға батып кету мүмкіндігі туралы ақпаратты тексеруде. Ол Паре-Пареден (Оңтүстік Сулавеси провинциясы) Танджунг (Шығыс Калимантан провинциясы) кемежайына жүзіп келе жатқан.

Қолда бар мәліметтер бойынша, жоғалып кеткен теплоходтың ішінде 197 жолаушы болған. «Кеменің Паре-Пареден кемежайда тіркелмей шығып кеткені белгілі. Паре-Паре - Танджунг бағытымен жүретін солай аталатын бірде-бір кеме жоқ», - деп мәлімдеді Индонезияның Баликпапан кемежайының іздеу-құтқару қызметінің басшысы Хендра Садирман (Hendra Sudirman).

Құтқарушылар кеме туралы ақпаратты тексеру үшін басқа кемежайлармен, тіпті Сенгага әскери-теңіз базасымен хабарласқан. Алайда «Таруна Макмур» туралы ешкімнің де ресми ақпараты жоқ болып шықты.

Құтқарушылар тексерілген әрі расталған ақпарат келіп түскен жағдайда кемені іздеуге дайын.

Паре-Паре-Танджунг бағытында соңғы күндері ауа райының қолайсыздығы байқалуда. Мамандар егер ондай кеме расымен де болса, осындай толқынның әсерімен оның батып кету мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп жазады Лента.ру.

Соңғы жаңалықтар