Индонезияда 146 жастағы адам көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Явадағы ауылда тұратын көп жасаған қария қайтыс болды. Ол бұған дейін жасын 146-да деп мәлімдеп келген.

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, құжаты бойынша Мба Гхото 1870 жылы желтоқсан айында дүниеге келген.

Алайда Индонезияда дүниеге келгендерді ресми тіркеуге алу тек 1900 жылдан басталған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қария Гхотоның құжаттары заңды екен.

Денсаулығы сыр берген қария 12 сәуірде ауруханаға жатқызылған. Алты күннен кейін ол үйіне шығарылған.

«Ауруханадан шыққан соң ол бірнеше қасық ботқп жеп, сәл ғана су ішетін болды», - деді марқұмның немересі Суянто.

«Осындай жағдай бірнеше күнге жалғасты. Алайда содан соң ол су мен астан бас тартты», - дейді немересі.

Былтыр Би-Би-Си тілшісі Гхото қариямен тілдесіп, оның ұзақ жасау себебін сұрағанда, төзімділіктің арқасында ұзақ жасағанын айтып берген. «Мен ұзақ жасадым, өйткені мені жақсы көретін жандарым күтіп-бақты», - деді қария.

Мба Гхото өмірінің соңына дейін темекіні көп шеккен. Ол төрт әйелінен, 10 аға-бауыры мен  қарындастарынан және барлық балаларынан ұзақ өмір сүрді. 

Соңғы жаңалықтар