Индонезия стадионындағы тәртіпсіздік кезінде 127 адам мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Индонезиядағы футбол матчында кем дегенде 127 адам мерт болды. 180-ге жуық адам ауруханада жатыр. Бүл туралы полиция өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Маланг қаласындағы стадионда жергілікті «Арема» клубы мен Шығыс Ява провинциясының әкімшілік орталығы Сурабайдағы «Персебая» командасы арасындағы ойын кезінде болды.

Матч 3-2 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Соңғы ысқырықтан кейін «Ареманың» мыңдаған жанкүйері алаңға жүгіріп шыққан, содан қақтығыстар басталған.

Полиция көзден жас ағызатын газды қолданған. Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.

Стадионның сыртында да тәртіпсіздіктер жалғасып, бірнеше полиция көлігін өртеп жіберген. Екі полиция қызметкері де қаза тапты.

Билік тергеуді бастады. Индонезия футбол федерациясы «Аремаға» маусымның соңына дейін матч өткізуге тыйым салды және алдағы барлық ойынды бір аптаға кейінге шегерді.


Фото: gettyimages.com



Соңғы жаңалықтар