Индонезия президенті Инстаграмда аккаунт ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия президенті Джоко Видодо Инстаграмда оның атына тіркелген жалған аккаунттарды жою үшін ресми жеке парақшасын ашты.

«Тұрғындар Инстаграмда менің атымнан ашылған жалған парақшалардағы пікірлерге шағымдануда. Сол себепті ресми парақшамды ашу керек деп шештім. Бұдан басқа парақшалар менікі емес», - деп жазды президент Фейсбуктегі жеке парақшасында.

Оның «Джокови» (индонезиялықтардың көбі Видодоны солай атайды) атты парақшасын Инстаграм әлеуметтік желісінің әкімшілігі ресми түрде растаған.

Тіркелген күні Джоко Видодоның парақшасына 203 мың адам жазылған. Индонезия президенті әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады, жазылушыларына маңызды мемлекеттік шешімдер туралы хабарлап, немесе өзінің көрген-білгендерімен бөлісіп отырады.

Оның Фейсбуктегі парақшасына 6 млн-нан астам адам жазылған. Осы әлеуметтік желіде бұл секілді парақшасына пайдаланушылар көп жазылған мемлекет басшылардың қатарында - АҚШ Президенті Барак Обама, Үндістан Премьер-министрі Наредр Моди және Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның парақшалары бар.

Соңғы жаңалықтар