Индонезия президенті ел астанасын Борнео аралына ауыстыруды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индонезия президенті Джоко Видодо жұма, 16 тамыз күні парламентке елдің астанасын Джакарта қаласынан Калимантан (Борнео) аралына ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Reuters.

«Мен сіздерден ұлттық астананы Калимантанға ауыстыру үшін рұқсат сұраймын», - деді мемлекет басшысы республика тәуелсіздігінің 74 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Президенттің айтуынша, жаңа астана халықтың экономикалық әділдікке ұмтылысын көрсетеді. Видодо жаңа астананың нақты орнын атаған жоқ.

Калимантан — 743 330 шаршы шақырымды құрайтын аумағы бойынша әлемдегі үшінші арал. Оны Индонезия, Малайзия және Бруней бөлісіп жатыр. Арал Азияның оңтүстік-шығысында, Малай архипелагы орталығында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар