Индонезия 2032 жылы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия 2032 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш білдірді. Бұл туралы индонезиялық Antara ақпарат агенттігі хабарлады.

Швейцариядағы Индонезия елшісі Мулиаман Хадад 11 ақпанда ел президенті Джоко Видодоның атынан Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) хат жолдады. Индонезия былтыр Азиада ойындарын сәтті ұйымдастырғаннан кейін өтініш беруге бел буған.

«ХОК 2018 жылы Азиада ойындары мен Азиада паралимпиада ойындарынан кейін Индонезияның мүмкіндігін мойындады», - деп хабарлады Хадад.

Бұдан бұрын 2032 жылы Ойындарды бірлесіп өткізуге Оңтүстік Корея мен КХДР өтініш беруге ниетті екенін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар