+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Индира Рыстина: Гендерлік теңдік - БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының бірі

2021 жылғы 21 қыркүйек 13:51
Бөлісіңіз:
Индира Рыстина: Гендерлік теңдік - БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Жолдауында адам құқықтарын қорғау мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Ол депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге міндетті 30% квота туралы норманы, партиялық тізіміндегі 30% квотадан бөлек, заң жүзінде негіздеуді тапсырды, дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина.

Ұқсас жаңалықтар

Гендерлік теңдікке жақындау үшін саяси өмірде әр түрлі квоталық жүйелер қолданылады. Олар ерікті және заңмен бекітілуі мүмкін. Қатаң заңнамалық квоталар бекітіліп, Конституцияға енгізілуі мүмкін, кей елдерде ішкі партиялық нормаға ғана кіргізілуі мүмкін.

Гендерлік теңдік - БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарының бірі, себебі қазіргі әлемде бұл фактор елдің өркендеуі мен табысты экономикалық және саяси дамуының негізі.

«2021 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Гендерлік айырмашылықтың жаһандық индексінде 47-ші орынды иеленді. Ұйымның мәліметінше, қазіргі қарқынмен жүретін болсақ, әлемдегі гендерлік алшақтықты жою үшін 135,6 жыл қажет болады екен. Бұл көрсеткішті жетілдіру үшін әрбір мемлекет экономикалық қатысу, әйелдердің білім деңгейі мен денсаулығы сияқты көрсеткіштерді жақсарту, сонымен қатар саяси қатысу мүмкіндіктеріне кепілдік беру қажет. Алайда, саяси қатысу саласындағы құқықтардың тең үлестірілуіндегі гендерлік алшақтық төрт көрсеткіштің ішіндегі ең жоғарғысы болып қала береді. Индекске кірген 156 елдің саяси келбетін саралайтын болсақ, Парламенттеріндегі 35,500 орынның шамамен 26,1%-ын әйелдер иеленген, ал әлемдегі 3400-ден астам министрлердің 22,6%-ын ғана әйелдер құрайды. Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша, қазіргі даму қарқынын ұстансақ, саясаттағы гендерлік теңдікке жету үшін 145,5 жыл қажет», дейді Индира Рыстина.

Оның айтуынша, елімізде қолданысқа енген гендерлік принцип бойынша квоталау тәжірибесі шетелде де кеңінен қолданылады. Мысалы, Швецияның заңнамасына сәйкес жергілікті, аймақтық және ұлттық деңгейдегі басшылық лауазымға ұсыну кезінде әр жыныс өкілінің пайыздық көрсеткіші 40%-дан төмен және 60%-дан жоғары болмауы тиіс. Осы жерде назар аудартатын жайт, заңнамада әйелдерге арналған квота деп емес, әр жыныстың төменгі және жоғары қатысу көрсеткіші берілген.

«Сондықтан, гендерлік теңдікті мемлекеттік қолдау, әсіресе осы қиын кезеңде саяси қатысуға қатысты, келешек ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуда негіз болып табылады. Мемлекеттер әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтарын іске асыру үшін жағдай жасауы керек».


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT