Индиан-Уэллс мастерс турниріне қайта ораламын – Елена Рыбакина

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс WTA 1000 турниріне алдағы жылы да келуге дайын екендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жарыста чемпион атанған Е.Рыбакина жеңістен кейінгі сұхбатында әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкомен өткен финалдық матчтың қиынға түскендігін айтты.

«Әсер ғажап. Бұл екі апта ауыр, мен үшін шынында да сәтті болды. Финалда бірінші сетте екеумізде де мүмкіндіктер болды, ақырында таразы басы маған ауды. Бірінші сеттен кейін кішкене жеңілдеді деп ойлаймын. Аталған тай-брейк қосарлы қателіктермен де есте қалды, жүйкеге де салмақ түсті. Әр ұпай үшін аяғына дейін күресуге тура келді. Бізді қолдағандардың бәріне үлкен алғысымды айтқым келеді. Аринаны да тамаша өнерімен құттықтаймын. Мұндай финалдарды әлі де ойнаймыз деп үміттенемін. Турнирді ұйымдастырушыларға, демеушілерге, директорларға, ең бастысы, өз командама ризашылығымды білдіремін. Мен келесі жылы да келіп, өз жетістігімді қайталауға дайынмын», деді Е.Рыбакина.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы алдағы сәуір айында Астанаға ұшып келеді. Ол 14-15 сәуірде елордада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысады. Польша құрамасы сапында әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды.

Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінен қанша табыс тапты.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордты орынға көтерілді.


Соңғы жаңалықтар