Індеттің көлік саласына теріс әсеріне қарамастан жекелеген бағыттарда өсім бар – Бейбіт Атамқұлов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 9 айында 82,9 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 9 айында 82,9 пайызды құрады. Контейнерлердің транзит тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артып, 637,2 мың жиырма фунттық контейнерді құрады. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2,8 млрд тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,6 пайызды құрады», - деді министр.

Оның айтуынша, пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, жекелеген бағыттарда өсім болды. 2020 жылдың қыркүйегінде тасымалданған жолаушылар саны биылғы тамыз айымен салыстырғанда 16,3 пайызға өсті. Әуемен жолаушылар тасымалы 11,5 пайызға артып, 610 мың адамды құрады.

«Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік тасымалдар 2,2 пайызға немесе 1100 жиырма фунттық контейнерге артып, 50 800 жетті. Жүк тасымалы саласында да өсім бар. Атап айтқанда, қыркүйек айында жүк тасымалының жалпы көлемі тамызбен салыстырғанда 0,9 пайызға өсті», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар