+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Індетті бірліктің арқасында жоя білген елдің болашағы зор - Юрий Шумаев

2021 жылғы 1 наурыз 14:59
Бөлісіңіз:
Індетті бірліктің арқасында жоя білген елдің болашағы зор - Юрий Шумаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Ел басына күн туғанда татулыққа ірткі түсірмеген, бір-біріне мейіріммен қараған, қуғын-сүргін жылдарында да татулықты ту еткен елдің бірі -Қазақстан.

Бұл ойымен «Союз Пятидесятнической церкви Казахстана» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Юрий Шумаев бөлісті, деп хабарлайды ҚаАқпарат тілшісі.

«Алғыс айту күні - адамның бір-біріне құрмет көрсететін күні. Біздің Қазақстан халқының басынан талай тарихи кезеңдер өтті. Ауыртпашылығы көп, зұлмат жылдарды да бастан кешті. Сондай уақыттың өзінде ұлттар татулығы тағынан тайған емес. Тарихи зұлматты бастан кешіп, бірақ татулықты жоймаған ел бүгінде іргесі мықты мемлекетке айналды. Бұның барлығы - елдің жүрегінің мейірім мен ізгілікке толы болғанының арқасы. Көктемнің алғашқы шуақты күні - Алғыс айту күні біздің болашақта бірге болуымызға, бейбіт заман орнатуымызға жол ашады, әрі нығайтады. Біз бірліктің арқасында кемел болашаққа қадам жасайсымз. Қазақстанның басты байлығы - бірлік. Барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын! Әсіресе, жатты бауырына тартып, жүздеген ұлтқа қамқор болған қазақ ұлтына алғыс білдіремін!»,- деді Юрий Шумаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT