+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Індеттен саяси астар іздеу орынсыз - Нұржан Әлімжанов

2020 жылғы 20 желтоқсан 16:23
Бөлісіңіз:
Індеттен саяси астар іздеу орынсыз - Нұржан Әлімжанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Індет ешқандай да мемлекеттің саяси құралы емес. Бұл ойды Жаңа жыл мерекесі күні карантин талаптарын сақтауға шақырып, пікір білдірген актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлімжанов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 162 науқастың жағдайы өте ауыр Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды Өткен тәулікте Қазақстанда 1979 адам коронавирустан жазылды

«2020 жыл еліміз үшін сыны көп, ауыр жыл болды. Індет өнердегі асыл азаматтарымызды арамыздан жұлып кетті. Бұл қиын сәт әлі де жалғасып жатыр. Аты жаман аурудан қашан құтылатынымыз беймәлім. Сондықтан мүмкіндік болса, Жаңа жылды отбасымызбен қарсы алып, сақтанып, үйде болғанымыз жөн. Мемлекет тарпынан қабылданып жатқан шаралар жан-жақты зерттелген. Қазіргі жағдайдан саяси астар іздеу немесе оған сенімсіздік таныту орынсыз деп ойлаймын. Коронавирус ешқандай да мемлекеттің саяси құралы емес. Аз қазақ бір-бірімізді аялап, өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарайық. Қорыққанға қос көрінеді. Босқа дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Өйткені қорыққан сайын иммунитет әлсірейді», - деді Нұржан Әлімжанов.

Сонымен қатар өнер иесі барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT