+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Індет кезінде  күйзеліске түспеудің жолы қандай: психологтар кеңесі

2020 жылғы 5 шілде 13:44
Бөлісіңіз:
Індет кезінде  күйзеліске түспеудің жолы қандай: психологтар кеңесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Індет - бұл адам үшін үшін күрделі сынақ. Әсіресе, үнемі күйзеліс пен алаңдаушылық кезінде көңіл-күйге салмақ салатыны бар. Осы ретте елордалық психологтар карантин және оқшаулану кезінде өз рухани күйіңіз бен ішкі сезіміңізді қалай сақтау керектігі жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды Қазақстанда өткен тәулікте 929 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Өткен тәулікте Қазақстанда 907 адам коронавирус жұқтырған

«Мұндай жағдайда адамға өзінің көңіл-күйін бақылауда ұстау қиын болып жатады. Дегенмен, оны басқаруды үйрену және позитивті арнаға түсе білу өте маңызды. Мұны үйреніп алған адам өзінің көңіл-күйі мен денсаулығын жақсарта алмақ», - деді елордадағы №9 емхананың психологы Таисс Дуквагаева.

Психологтар ақпарат көздерін сүзгіден өткізіп, соңғы ақпараттарды тек ресми мемлекеттік органдардан алуға кеңес береді. Бұл ретте ақпараттар ағынына бой алдырып кетпей, жаңалықтардан, әлеуметтік желіден назарды басқа жаққа аударған жөн. Өз өмірің, қуанышты сәттерің жайлы ойлану керек.

«Уақытыңызды отбасыңызбен өткізіп, жақындарыңызбен әңгімелесіңдер. Әдеби кітап оқуға да көңіл бөлген дұрыс. Сүйікті фильмдеріңізді көріңіздер. Сүйікті музыкаңызды қосып, көтеріңкі көңіл-күймен үй шаруасымен айналысыңыздар», - деп кеңес береді мамандар.

Күйзелістен арылу үшін таңертең аздап жүгіріп, тыныс алу жаттығуларын жасау да маңызды. Күнделік жүргізіп, оған өзіңнің ойыңды, қуанышың мен ренішіңді түртіп отыру да шабыттанудың жақсы тәсілі саналады.

«Нақты факті бойынша «дәл қазір әрі осы жерде« не болып жатқанына назар аударып, алдағы уақытқа алаңдаушылық танытпаңыз. Бұқара арасында, әлеуметтік желіде тарап жүрген өсек-аяңға еш уақытта сенбеңіз. Адамдардың пікірлеріне де еріп кетпеу қажет. Егер сіз ақыл-ойыңызды таза сақтап қала алсаңыз, онда ұрыста жартылай жеңіске жеттіңіз деген сөз», - деді Таисс Дуквагаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT