Індет кезінде әр адам денсаулығын, аман қалуын ойлауы тиіс - Ирина Терентьева

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева карантиндік шараларды қатаңдату туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, еліміз бойынша жарияланған карантиндік шараларды қатаңдату маңызды.

«Біз әр біреуіміз өзіміздің жақындарымыздың денсаулығын қалай ойласақ, мемлекетіміз де солай халықтың жағдайын ойлайды. Әсіресе, өз үйімізден шығып, көпшілік орындарға барғанда қауіп те күшейеді. Адамдар қаншалықты сақтық шараларын қолға алғанымен өзімізді жүз пайыз қауіпсіз ете алмаймыз. Өйткені, адам болған соң олардың барлығы бірдей емес. Кейбірі вирусқа сенбесе, енді бірі одан қорқады, тіпті кейбіріне бәрі бір. Сол себепті, біз жеке кеңістіктен шыққанда өзіміз мен өзіміздің жақындарымыздың денсаулығын қауіпке тігеміз. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда бұл індетке ғылым мен медицинаның қаншалықты дайын екендігі туралы нақтылы бір мәлімет жоқ. Осыған орай, мемлекет карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдап отыр. Мен оны дұрыс деп есептеймін», - дейді Ирина Терентьева.

Сонымен қатар, ол дәл осындай жағдайды барлығы бастан өткізіп жатқандығын айтады.

«Қазіргі кезде кез келген адамнан сұрасаңыз барлығы да «ең бастысы денімнің саулығы және аман қалуым маңызды» деп жауап береді», - деп толықтырды Ирина Терентьева.


Соңғы жаңалықтар