Индекстелетін әлеуметтік төлемдердің артық сомасы маусым айында төлене бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индекстелетін әлеуметтік төлемдердің артылған сомасы маусым айында төлене бастайды. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мүгедектігі бар адамдарды және асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметітк қолдауға 370 млрд теңге қарастырылып отыр. Республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша жәрдемақыға 342 млрд теңге, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемге 28 млрд теңге көзделген», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Вице-министр 1 сәуірден бастап жәрдемақылардың қаншалықты өскенін түсіндірді.

«Бюджеттен берілетін жәрдемақылардың орташа мөлшері 1 сәуірге дейін 52 609 теңге болса, 1 сәуірден кейін 54 608 теңге болады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерді қоса есептегенде мүгедектігі бойынша жиынтық төлемдердің мөлшері 1 сәуірге дейін 81 210 теңге болса, 84 353 теңге болады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар алатын төлемдердің орташа мөлшерлері шамамен 30 мың теңгеге жоғары болады. Ұлғайтылған мөлшердегі зейнетақылар мен жәрдемақылар сәуір және мамыр айларында қосылған артылулармен бірге маусым айынан төеленеді. Яғни, бүгін заңды Сенат қабылдаса, маусым айында түседі», - деді Руслан Сәкеев.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері ай сайын 201 мың теңгеден алып отыр.


Соңғы жаңалықтар