Император кубогының 25 мәрте жүлдегері Асасёрю Акинори Алматыда сумоны дамытуға ынталы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сумоның бірден-бір танымал палуаны Асасёрю Акинори Алматыда күрестің осы түрін дамытуға ынталы. Спортшы бұл ниетін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен болған кездесуде жеткізді.

Асасёрю Акинори Қазақстанда талантты жастардың көп екендігін, ал Алматының әлемдік спорт астанасына айналып отырған ерекше атап өтті. «Кезінде менің күрестерім арқылы Монғолия әлемге танылды. Енді мен қазақстандық спортшылар өз елінің даңқын арттыруы үшін бар білімім мен тәжірибемді осы өрелі іске жұмсағым келеді», - деді Асасёрю Акинори. Алматы әкімі қаланың Қазақстанның спорт орталығы екендігін жеткізді. «Біздің мегаполисте спорттың көп түрі дамыған. Спортқа қолдау -көрсету біздің басты міндетіміздің бірі. Сондықтан, қаламызда көптеген секциялардың, соның ішінде сумоның да ашылғанын қалаймыз», - деді Ахметжан Есімов. Асасёрю Акинори Улан-Баторда туылған, 21 ғасырдағы тұңғыш ёкодзуношы (сумо күресінің ең биік рангі). Яғни, Монғолиядағы сумо тарихындағы алғашқы палуан және ёкодзун жоғары атағын алған үшінші шетелдік спортшы. Асасёрю Акинори - Император кубогы болып табылатын сумо трофейін 25 мәрте жеңіп алған тарихтағы ең танымал палуан.

Соңғы жаңалықтар