Иммунолог: Вакцинация - емдеудің баламасы емес

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Вакцинация емдеудің баламасы емес, бұл - көбіне адамдарды қорғаудың, олардың денсаулығы мен өмірін сақтаудың жалғыз тәсілі. Мұндай пікірді Алматыдағы №12 емхананың дәрігер-иммунологы Светлана Постнова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, ол өз жұмысында күн сайын екпе егуге қарсылық білдірушілермен бетпе-бет келеді.

Оның кәсіби міндеттерінің бірі - вакцинацияның қажеттілігін түсіндіру және дұрыс ақпарат беру.

Светлана Постнова денсаулықты сақтауға және жаңа штаммен сырқаттанудың өршуіне жол бермеуге халықты иммундау және ұжымдық иммунитет көмектеседі деп санайды.

Дәрігер-иммунолог қолда бар вакциналар тиімді, оларды бірнеше зерттеу топтары сынақтан өткізгенін, сондықтан олар ревакцинация кезінде де қауіпсіз екенін атап өтті.

«Вакцинация емдеудің баламасы емес, бұл көбінесе адамдарды қорғаудың, олардың денсаулығы мен өмірін сақтаудың жалғыз тәсілі. Вакцинаның әсерін ұзарту үшін ревакцинация қажет. Вакцинаның қосымша дозасын енгізу адам ағзасында антиденелердің белсенді өндірілуіне ықпал етеді», - деді Светлана Постнова.

Сонымен қатар, иммунолог мүмкіндігінше көп адамды, соның ішінде балаларды вакциналау керек екенін жеткізді.

«Балалар мен жасөспірімдер симптомдармен ауырады, кейбіреулері ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Сонымен қатар, коронавирустан кейінгі көп жүйелі қабыну синдромы балаларға тән. Бұл оларды вакцинациялаудың басты себебі, жасөспірімдерді вакцинациялау «ұжымдық иммунитеттің» дамуына да ықпал етеді», - дейді №12-ші қалалық емхананың дәрігері.

Медициналық тәжірибе көрсеткендей, коронавирусқа қарсы вакцинацияланбаған науқастардың дерті ауыр болады, сонымен қатар олар ауыр постковидті синдромға ие.


Соңғы жаңалықтар