+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Иммунитетті көтеріп, коронавирустан қалай қорғануға болады - дәрігердің кеңесі

2020 жылғы 6 шілде 11:08
Бөлісіңіз:
Иммунитетті көтеріп, коронавирустан қалай қорғануға болады - дәрігердің кеңесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана медицина университеті Балалардың инфекциялық аурулары кафедрасының доценті, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина коронавирустан қалай қорғану керектігін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дәрігер иммунитетті нығайтудың тиімді жолдарын атады

«Қазіргі ахуалды, жағдайды ескеретін болсақ, барлығымыз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаратын уакыттың дәл бел ортасында тұрмыз. Сондықтан дәрігер-инфекционист, балалар дәрігері, үш баланың анасы ретінде COVID-19 инфекциясынан қорғану шараларымен бөліспекпін. Біріншіден, мемлекеттік органдардың екі апталық карантин шараларын енгізуі – оқшауланудың әлі күнге дейін ең маңызды алдын алу шарасы екенін дәлелдейді. Сондықтан мүмкіндігінше – жанұялық мерекелер сынды той-томалақты уақытша тоқтата тұрыңыздар. Бұл шара арқылы біз егде тартқан адамдардың, яғни қауіп тобындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаймыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, екіншіден, жеке гигиеналық талаптарды қатаң сақтау қажет. Бұл кез келген инфекциялық аурудың алдын алу жолы саналады.

«Жеке гигиеналық талаптар әр азаматтың өмір сүру салтының бір бөлігіне айналғаны анық. Соны одан ары қарай ұстана беруіміз қажет. Қолды кемінде 20 секунд сабынмен жуу, көп адам шоғырланған жерде маска тағу, антибактериалды ерітінділермен қолды жиі өңдеп отыру, түшкіру, жөтелу кезінде респираторлы этикет қағидаларын сақтану керек», - деді инфекционист-дәрігер.

Баян Рысбекқызы үшіншіден, иммунитетті жоғарылатуға арналған шараларды ұстану, күндізгі және түнгі ұйқының балансын сақтау, дәрумендерге байытылған дұрыс тамақтану рационын сақтау, стресстік жағдайлардың мейлінше алдын алу, спортпен шұғылдану және барынша позитивті көңіл-күйді сақтауға талпыну керектігін айтады. Дәрумендерге бай таңқурай, қарақат сынды жеміс-жидектерді тұтынуға кеңес береді.

«Төртіншіден, егер сізде артериалды гипертония, қант диабеті, семіздік, созылмалы жүрек, өкпе ақаулары сынды қосалқы аурулар бар болса, онда сол ауру бойынша емдеуші дәрігер жазып берген негізгі ем жоспарын тоқтатпай, созылмалы ауруынызды өршітіп алмауларыңыз қажет. Ал егер COVID-19 ауруына шалдығып, ауруханаға жататын болсаңыз, қосалқы аурудан қабылдап жүрген дәрі-дәрмектеріңізді өзіңізбен алып жүргеніңіз жөн. Себебі, COVID-19 ауруының асқынуына қосалқы ауруларыңыз да себеп болып қалуы мүмкін», - деді Баян Тұрдалина.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT