Имантау-Шалқар курортты аймағына 23 млрд теңге бөлінеді - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнде туризмді дамыту мәселелері қаралды. Басты назар Имантау-Шалқар курорт аймағына аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімдігінен мәлім еткендей, бүгінде Имантау-Шалқар курортты аймағы үздiк 10 жобаның қатарына енеді. Оны одан әрі дамытуға 23 млрд теңгеге жуық қаржы құйылмақ. Бұл ақшаға инфрақұрылымды дамыту көзделген. Соңғы 3 жылда Айыртау ауданында 273 шақырым жол жөнделдi. Бұл туристердiң ағымын 40 пайызға ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.

«Былтыр курортқа 45 мың адам келсе, биылғы сегіз айда 63 мың адам демалды. Жыл санап жолға бөлiнген қаржы көлемi ұлғайып келедi. 2017 жылы 900 млн теңге, биыл 3,8 млрд теңге жұмсалды», — дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Инвесторлар жыл он екi ай жұмыс iстейтiн демалыс базаларын салады. Биыл Имантау мен Шалқарда 5 жаңа демалыс орны ашылады. «Шалқар су» шипажайы жөнделуде. Жалпы жыл соңына дейін 1 млрд теңге сомасына тағы бірқатар нысан іске қосылмақ.

Бұдан бөлек, шаралар жоспарында «Ботай» мұражайы мен туристерге арналған Визит орталығының құрылысы қарастырылған. Имантау көлiнiң жағажайы абаттандырылып, велосипед және ат серуеніне арналған жолдар жасалады, аймақты шолу алаңы пайда болады.

Соңғы жаңалықтар