Иманғали Тасмағамбетов жас әнші Ержан Максиммен кездесті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов жас әнші Ержан Максиммен кездесті. Бұл туралы Мәскеудегі ҚазАқпарат меншікті тілшісі РФ-тегі ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елшілікте хабарлағандай, Ресейдегі Қазақстан елшілігінде өткен кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов мен Ержан Максим жас қазақстандық әншінің шығармашылық жоспарын талқылады. Ержан «Голос. Дети» жобасына қатысқаннан кейін өмірінде қандай өзгеріс болғанын және алдағы уақытта немен айналысуды жоспарлап жүргенін айтты.

Иманғали Нұрғалиұлы жас таланттың барлық бастамасының сәтті болуына, Ресей астанасында уақытын жақсы өткізуіне тілектес екенін жеткізді.

Авторы Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар