Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 20 °С
USD 325.75 EUR 382.04
RUB 5.31 CNY 51.04
Жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

2018 жылғы 14 ақпан 23:56 975
Бөлісіңіз:
 Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда биыл өткізілетін шаралар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары талқыланды. Ол - Астана процесіне қатысушы гарант-мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін өтетін сирияаралық келіссөздердің 9-шы раунды. Сонымен қатар, Каспий теңізіне берілетін жаңа құқықтық мәртебе туралы конвенция жобасы қаралатын Каспий теңізімен шектесетін мемлекеттердің 5-ші саммиті.

Каспий теңізіне құқықтық мәртебе беру мәселесінің маңыздылығы КСРО тарағаннан кейін көтеріліп келеді. Мәртебесін анықтау оны теңіз немесе көл ретінде бөлінуіне байланысты болып отыр. Каспийдің әр бөлігі халықаралық құқық негізінде әртүрлі тәртіпте бақыланады.

Сонымен қатар, тараптар алтыншы рет өткелі отырған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастығы форумын талқылады.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат