Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Елші қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.

1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін «География және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы(1989 ж.), ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы (1991 ж.) қызметтерінде әлеуметтік-саяси өмірде өзінің белсенді позициясын көрсетті.

1993 жылдан бастап – ҚР Президентінің көмекшісі;

1995 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

1997 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Білім және мәдениет министрі;

1997 жылдан бастап – ҚР Президентінің Әкімшілігі Жетекшісінің орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі;

1988 жылдан бастап – ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі;

1999 жылдан бастап – Атырау облысының әкімі;

2000 жылдың желтоқсан айынан бастап – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

2002 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрі;

2003 жылдан бастап – ҚР Мемлекеттік хатшысы;

2004 жылы – ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі;

2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін – Алматы қаласының әкімі;

2008 жылдың сәуірінен – 2014 жылдың қазан айына дейін – Астана қаласының әкімі;

2014 жылы 22 қазан - ҚР Қорғаныс министрі;

2016 жыл 13 қыркүйек - ҚР Премьер-министрінің орынбасары;

2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі қызметіне тағайындалды.

Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші.

Соңғы жаңалықтар