+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

#Abai175: Иманғали Тасмағамбетов Абайдың алтыншы қара сөзін оқыды

2019 жылғы 12 шілде 21:51
Бөлісіңіз:
#Abai175: Иманғали Тасмағамбетов Абайдың алтыншы қара сөзін оқыды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абай өлеңінен үзінді оқу эстафетасын қара сөзбен жалғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елшіліктің Facebook парақшасында жүктелген видеода Иманғали Тасмағамбетов бұл эстафетаны қара сөзбен жалғауды жөн көргенін айтады.

«Мен поэзия эстафетасын досым Игорь Крутой мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам», - деп бастады ол.

Ел бірлігіне қатысты данышпан Абайдың ой толғамын нақышына келтіре оқыған елші эстафета кезегін өзінің досына жолдайтынын айтады.

«Мен өз кезегімде осы эстфетаны жан досым, мәдениет тарланы Досқан Жолжақсыновқа жолдаймын», - деп түйіндеді дипломат.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Ресей, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT