Иманбектің Еуропа мен АҚШ-та жеке туры өтеді
2022 жылғы 7 сәуір 09:45

Иманбектің Еуропа мен АҚШ-та жеке туры өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық диджей, Грэмми сыйлығының иегері Иманбек (Imanbek) Зейкенов әлемдік турын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рахмет» туры жарияланды. Уақыты туралы хабардар болыңыздар», - деп жазды Иманбек Instagram парақшасында.

Диджейдің музыкалық туры 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт береді деп жоспарланып отыр.

Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.

Еске сала кетейік, қазақстандық музыкант өткен жылы әйгілі Грэмми сыйлығын жеңіп алды.

Сондай-ақ, жерлесіміз Ресейдің GQ журналының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT