Иманбек Зейкенов: Жастар жетістікке жетсін десеңіздер, бетін қақпай, белін бу

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар форумына онлайн режимде қатысқан Grammy иегері Иманбек Зейкенов аға буын жастарды қолдау үшін қандай әдеттерден арылуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жастарға қысым жасамаңыздар. Өздері істегісі келмеген дүниені жасатуға мәжбүрлемеңіздер. Жастар мәдениетте, ғылымда қандай да бір жетістікке жетсін десеңіздер, бетін қақпай, белін буыңыздар. Жай ғана кедергі келтірмесеңіздер жеткілікті. «Жақсылыққа баулу» мен ақылгөйсу оларды тек жирендіреді. Ал егер үлкеннің ақылы керек болса, өздері келіп-ақ кеңес сұрайды», -деді музыкант.

Сондай-ақ ол алдағы 7 жылда Қазақстанды қандай ел ретінде көргісі келетінін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар