+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Иманбек өзіне ескерткіш орнату туралы қауесетке жауап берді

2021 жылғы 26 қыркүйек 13:08
Бөлісіңіз:
Иманбек өзіне ескерткіш орнату туралы қауесетке жауап берді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов өзіне ескерткіш орнатуға қатысты қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Диджей әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, өзіне ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

Айта кетейік, БАҚ-та Иманбекке ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Бір ай бұрын маған Ақсудағы саябақта немесе жағалауда Грэмми, сыйлығының мүсінін орнату туралы ұсыныс жасалды»,- деді Иманбек Зейкенов.

Белгілі музыкант оған қарсылық білдірмеген. «Тілшілер сөзді бұрып жіберген. Енді адамдар мен өзіме ескерткіш орнатуды сұрады деп ойлауда. Мен ондай адам емеспін. Өзіңе ескерткіш орнатуды сұрау — нағыз бетсіздік деп санаймын»,- деді музыкант.

Еске салайық, Иманбек Зейкенов 2021 жылдың наурыз айында «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін әлемдік «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды.
Ол ТМД елдері арасында бұл сыйлықты иеленген алғашқы адам.

Сонымен қатар ҚР Президенті «Иманбектің жетістігі – бүкіл ТМД үшін теңдесі жоқ табыс» деді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT