Иманбек GQ журналы сыйлығын жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Ресейдің GQ журалының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Grammy сыйлығы, аудиоплатфоралардағы миллиардтаған тыңдалым және әлемдік музыкалық компаниялармен, лейблдармен келісімшарттар. Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксы биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылған қазақстандық диджей әрі продюссер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екендігіне сенімдіміз», - деп жазады басылым .

Еске сала кетсек, осы жылдың мамырында Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды. Одан бөлек, қазақстандық музыкант биылғы жылдың наурыз айында музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар