Имамдардың біліктілігін көтеру тренингі ұйымдастырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы қаласының наиб имамдарымен кездесіп, діни қызметті жетілдіру, имамдардың қарым-қабілетін жан-жақты көтеру туралы тренинг өткізді.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Басқосуда дәстүрлі дінімізге жат ағым өкілдеріне қатысты үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беру қажеттігі айтылды. Атап айтқанда, мешітке келген жамағатпен жеке жұмыс жасау, олардың тұрмыс жағдайына, отбасына көңіл бөлу, мүмкіндігінше көмек көрсету. Жамағаттың басын біріктіретін іс-шаралар, спорттық ойындар ұйымдастыру мәселесі де талқыланды. Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жастарымыздың өзге діни ағымдардың жетегінде кетуінің алдын алу үшін жас буын өкілдермен байланысты күшейту, шәкірт тәрбиелеу мәселесіне назар аудару қажеттігін жеткізді. Наиб мүфти дін қызметкерлеріне фиһқ, ақида пәндерінен тереңдетілген жүйелі дәріс жүргізуді, имамдар арасында тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды екенін сөз етті. «ХХІ ғасыр - білім ғасырында имамдардың діни сауатын көтеру өте өзекті болып отыр. Мешітті әркім өз үйі ретінде сезінуі тиіс. Діни қызмет - үлкен аманат, сауапты да жауапты жұмыс. Сондықтан исламды имамға қарап түсінетіндей дәрежеге жетуіміз керек. Діни салада әсте босаңсуға болмайды», - деді Серікбай қажы Ораз.

Соңғы жаңалықтар