Имам: Пандемия жағдайында сәресі ішудің маңызы зор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов ораза кезінде сәресі ішуден бас тартушыларға кеңес айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ораза ұстаған жандар сәресіні ішуге мән беруі керек. Көп жағдайда кей адамдар ораза кезінде қарным ашпайды деген желеуді алға тартып, таңсәріде тамақ ішпей, аузын бірден ашып жатады. Бұл – үлкен қателік. Жалпы біздің мұсылмандардың ораза ұстауындағы үлкен бір ерекшелігі сәресі ішуде. Пайғамбар хадисте «Сәресі ішіңдер, сәресіде береке бар» дейді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әрбір ораза ұстайтын адамды таңсәрідегі азық-ақуатқа жіті мән беруге шақырамыз. Адам ағзасына керекті әр түрлі дәрумендер мен пайдалы тамақтарды жеп, сәресі ішуге шақырамыз», - деді Ерболат Жүсіпов.
Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Рамазан айында мешітке келудің тәртібін түсіндірді.
Еске салсақ, осы брифингіде елордалық еріктілердің ауызашар қоржынын жеткізуге көмектесетіні айтылды.
- Елордада бірқатар құрылыс компаниясының жұмысы тоқтатылды
- СҚО-дағы әйелдер колониясында ерекше сән байқауы өтті
- Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарға сұраныс артты - шебер
- Триатлоннан Қазақстан чемпиондары анықталды
-
Ресей мектебінде жасөспірім оқушыларға оқ жаудырған
-
Павлодарда жеңіл көлік үйге соғылды, екі бала зардап шекті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам