ИМ жылына 2 млрд. доллар көлемінде қаржыландырылады - Испанияның қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшысы

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - Бізге лаңкестікті қаржыландыру, оның ұйымдасқан қылмыспен байланысы және заңсыз қызмет салаларында ақшаның жылыстауы мәселелеріне жаһандық жауап керек.

Бұл туралы «Ұйымдасқан қылмыспен күрестегі стратегиялық барлау құралдары» атты конференцияның барысында Испания Корольдігінің Қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшысы Франсиско Мартинес мәлімдеді.

«Біз лаңкестік пен ұйымдасқан қылмыстық өзара іс-қимылының 100-ден астам жолдарын анықтай алдық. Олардың ірілері - «Ислам мемлекетін» қаржыландыру үшін қызмет ететін «Авала» (ақша аударымдарының жүйесі - ред.) және халықаралық телефон әңгімелесулеріне арналған телефон дүңгіршектері», - деп баяндады Ф.Мартинес.

Ол сондай-ақ Испания түрмесіне 2001-2005 жж. лаңкестік бойынша айыпталғандардың кем дегенде 20 пайызы бұған дейін басқа қылмыстары үшін жабылғанын атап өтті.

««Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өзінің қылмыстық желілерінің арқасында жылына екі миллиард АҚШ долларына жуық қаржы алады, екінші орында шамамен бір миллиард алатын «Хамас» тұр. Үшінші орында 600 миллион доллармен «Колумбияның революциялық қарулы күштері» тұр. Бұл рейтингтің төртінші және бесінші орындарында «Хезболла» мен «Әл-Каида» тұрақтаған. Бұл топтар өзінің іс-қимылдарын ұйымдасқан қылмыстық топтар қолданатын әдістермен жасайды. Мысалы, есірткінің заңсыз айналымы, қарақшылық және ұйымдардан қорқытып ақша талап ету», - деп хабарлады қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшы.

Соңғы жаңалықтар