+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Илон Масктің кемесі ғарыштан Жерге оралды

2020 жылғы 3 тамыз 01:18
Бөлісіңіз:
Илон Масктің кемесі ғарыштан Жерге оралды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Илон Масктің Crew Dragon атты ғарыш кемесі астронавтармен бірге Мексика шығанағына келіп қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем космонавтикасындағы тарихи оқиғаны миллиондаған адам онлайн режимде бақылап отырды. Crew Dragon кемесінің 2 тамыз сағат 05:34 кезіндегі халықаралық ғарыш стансасынан ажырап, Жерге оралу сәтінің тікелей трансляциясы NASA мен Илон Маск компаниясының ресми сайтында көрсетілді.

Айта кетейік, біз бұған дейін Crew Dragon кемесінің бүгін жерге оралатынын хабарлаған болатынбыз. Оның бортында NASA ғарышкерлері Даглас Херли мен Роберт Бенкен бар.

Crew Dragon кемесінің халықаралық ғарыш стансасынан жерге дейінгі сапары 19 сағатқа созылды. Бүгін алдын ала белгіленген мерзім - Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 00:48 кезінде кеме су бетіне келіп қонды.

Репортаж коментаторларының айтуынша, ғарышкерлерді SpaceX Go Navigator кемесі мен құтқарушы катерлер күтіп алды. Олар құтқарушы кеменің бортына мінген соң медициналық тексеруден өтеді. Арада 4 сағат өткеннен кейін астронавтар Флоридаға жеткізіледі.

Ал Илон Масктің Crew Dragon кемесі бірнеше айдан кейін қайтадан ғарышқа ұшуға дайын болады.

Еске сала кетейік, 31 мамырда Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшқаны хабарланған болатын. Ол - соңғы тоғыз жылда АҚШ-та шығарылған және оның аумағынан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесі болды.

Америкалық астронавтар Даглас Херли мен Роберт Бенкен 31 мамырдан бері екі ай бойы халықаралық ғарыш стансасы экипажының құрамында жұмыс істеді және ондағы миссиясын аяқтады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT