Илон Масктің бесінші әуе кемесі ғарышқа ұшты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Канаверал мүйісінен Халықаралық ғарыш станциясына SpaceX-тің бесінші экспедициясы ұшырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Экипаж құрамында NASA астронавтары Николь Манн мен Джош Касада, жапондық Коичи Ваката және ресейлік Анна Кикина бар. ХҒС-қа қондыру бейсенбі күні кешке жүргізілуі тиіс. Бесінші экипаж ХҒС-та жарты жыл уақытқа қалады, ал құрамында Чел Линдгрен, Роберт Хайнс, Джессика Уоткинс және итальяндық Саманта Кристофоретти бар төртінші экипаж Жерге оралады.



Фото: Joel Kowsky/(NASA/Joel Kowsky)




Соңғы жаңалықтар