Илон Маск Twitter-дің директорлар кеңесін таратты

None
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС-ҚазАқпарат - Кәсіпкер Илон Маск 27 қазанда Twitter компаниясын сатып алғаннан кейін директорлар кеңесін таратты.

Бұл туралы дүйсенбі күні АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) базасында жарияланған құжаттарда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Маск мырза Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес осыған дейін директор болған тұлғалар қызметін тоқтатты», - делінген құжаттардың бірінде.

Әлеуметтік желінің негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси компаниядағы акциясының 2,4% үлесін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.

Бұған дейін Маск Twitter-ді сатып алғаннан кейін компания басшылығының бірнеше мүшесін, соның ішінде бас директор Парага Агравал мен қаржы директоры Нед Сегалды жұмыстан шығарғаны хабарланған болатын.







Ашы қ к ө здерден алын ғ ан фото

Соңғы жаңалықтар