+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Илон Маск Қазақстанда Tesla қуаттау бекеттерін орнатпақ

2019 жылғы 15 наурыз 15:16
Бөлісіңіз:
Илон Маск Қазақстанда Tesla қуаттау бекеттерін орнатпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Tesla электромобильдеріне арналған қуаттау бекеттері ашылады. Бұл туралы Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Твиттерде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лос-Анджелесте Tesla Model Y жаңа электромобилінің таныстырылымы өтті. Компания Лондоннан Бейжіңге дейін Supercharger қуаттау бекеттерінің жаһандық желісін құрғысы келеді.

Сонымен бірге, әлеуметтік желіде тараған таныстырылымға қазақстандықтардың қатысқаны және компания басшысы Илон Маскке Қазақстанда бекет ашуды ұсынғаны туралы бейнежазбалар пайда болды.

Жауап ретінде Илон Маск Қазақстанда қуаттау бекеттерін ашуға уәде берген.

«Қазақстанда өте жақсы қолдау білдіріп жатыр. Онда да Supercharger орнатамыз деп ойлаймын», - дейді Илон Маск.

Model Y көлігіне 15 дюйм болатын басқару экраны, дыбыс жүйесі орнатылған және төбесі шынымен жабылған. Standard Range нұсқасында сағатына 100 шақырымға дейін 5, 9 секундта оталады, Performance нұсқасында - 3,5 секунд. Қуатталған электромобильмен 320 және 450 шақырым жүруге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT