+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Crew Dragon ғарыш кемесінің астронавтары бүгін түнде жерге оралады

2020 жылғы 2 тамыз 15:21
Бөлісіңіз:
Crew Dragon ғарыш кемесінің  астронавтары бүгін түнде жерге оралады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік ғарышта бүгін түнде тарихи оқиға болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін 31 мамырда Crew Dragon ғарыш кемесінің ұшқаны туралы хабарланған болатын . Ол соңғы тоғыз жылда АҚШ-та шығарылған және оның аумағынан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесі болды.

ХҒС-ға келген америкалық астронавттар Даглас Херли мен Роберт Бенкен 31 мамырдан бері екі ай бойы ғарыш станциясының экипаждарының құрамында жұмыс істеді және ХҒС-дағы миссиясын аяқтады.

2020 жылдың 2 тамызында Мәскеу уақытымен сағат 02:34-те NASA астронавттары Даглас Херли мен Роберт Бенкенмен бірге Crew Dragon (Endeavour ) кемесі ХҒС-да түйісті, деп хабарлайды Илон Маск компаниясының сайты.

Crew Dragon кемесінің қонуы 2 тамызда Мәскеу уақытымен 21:41 немесе Нұр-Cұлтан уақыты бойынша 3 тамызда 00:41-ге жоспарланған. Флорида штатының Пенсакола жағалауында суға қонуы мүмкін. Мексика шығанағы Пенсакола жағалауына қонады деп жоспарланған. Тікелей трансляцияны NASA америкалық ғарыш ведомствосының сайтынан, сондай-ақ SpaceX сайтынан көруге болады.

Астронавтарды SpaceX Go Navigator кемесі қарсы алады. Іздеу-құтқару кемесінің бортына жеткізілгеннен кейін, астронавтар медициналық тексерістен өтіп, төрт сағаттан кейін Флоридаға әуе немесе теңіз жолы арқылы жеткізіледі деп күтілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT