Иллинойс штатындағы атыс: 12 адам жараланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгісіз біреу Пеория қаласында (Иллинойс штаты) 19 шілдеде, таңертең жағалауда топтаса қыдырып жүрген адамдарға оқ жаудырған. Кем дегенде 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Fox News телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті полицияның өкілі Эми Дотсонның айтуынша, келеңсіз жағдай жергілікті уақытпен 04.42-де, 200-ге жуық адам жиналған қалалық жағалауда болған.

Оқ тиіп, жараланғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр.


Соңғы жаңалықтар