Ілияс Жансүгіровтің ұлы профессор атанды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіровке «Құрметті профессор» атағы берілді. Сонымен қатар Ілияс Жансүгіров мұрасын зерттеуге зор үлес қосқаны әрі ғылым саласындағы үздік жетістіктері үшін «Ілияс Жансүгіров» төсбелгісі табыс етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Аталған құрмет Саят Жансүгіровке Талдықорғанда көрсетілді. Қазір Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. «Жансүгіров тағылымы» атты ауқымды шара алдымен жыр құлагері, ақын, жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Одан кейін қонақтар «Ілияс мұрасы» атты көрмені тамашалады. Жиынға  100-ден аса  адам қатысуда. Конференция жұмысына шамамен 100 адам ғылыми мақалаларын ұсынған.

Айтулы шара  Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығы мен  Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Басқосуда елімізге танымал ғылым докторлары мен профессорлар, университеттің оқытушылары  баяндама жасайды. Ол жерде қамтылатын тақырыптар:  «Жетісу өңірі және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: тарихы мен тағылымы», «Заманауи талаптар мен баламалы білім бағдарламасы негізінде білім беру жүйесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету», «Заманауи жоғары білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үрдісінің тәжірибелік және гуманистік негіздері», «Жаратылыстану-техникалық ғылымдар, Заманауи қоғамдағы экономикалық және құқықтық қатынастар».

Соңғы жаңалықтар