Ілияс Жансүгіровтің «Құлагері» ағылшын тіліне аударылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» кітабы ағылшын тіліне аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан мәлім еткендей, «Құлагер» поэмасы ағылшын тіліне алғаш рет аударылып отыр және ол ақынның 125 жылдығына орайластырылған.

"Пастернак, Мандельштам және Цветаеваның аудармаларымен жақсы таныс ағылшын ақыны және аудармашы Белинда Кук Ілияс Жансүгіров қорына өз жұмыстарымен келген болатын. Дегенмен, нақты бұл кітапта аудармамен қазақы түпнұсқасынан қазақ және ағылшын тілдерін жақсы білетін аудармашылар мен кеңесшілер тобы жұмыс істеді. Оның арнайы поэтикалық үлгісі мен метафоралық дыбыс жүйелері жасалғаннан кейін ғана Белинда Кукқа жіберілді. Басылымға ұлттық аударма агенттігі демеушілік етті. Мақсаты - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің үздік үлгілерін халықаралық аудиторияға жеткізу. Иллюстрацияларды Д.Қастеев жасады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Кітап 2 сәуір күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында таныстырылады. Оған аударма авторы Белинда Кук, Голландиядан және Ұлыбританиядан келген кеңесшілер, Қазақстан, АҚШ, Түркия түркітанушылары, филологтар, сондай-ақ ақынның ұрпақтары қатысатыны күтілуде.

Тұсаукесер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге іске асыру аясында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар