Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығында 25 том кітап жарық көрмек

2019 жылғы 26 сәуір 00:59 1663
Бөлісіңіз:
Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығында 25 том кітап жарық көрмек

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл қазақтың дүлдүл ақыны, жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтың туғанына - 125 жыл. Мерейтой аясында қаламгердің 25 томдық кітабы басылып шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақынның 125 жылдығын атап өтудің жоспары бекітіліп, мерейтой аясында көптеген шаралар белгіленді. Талдықорған қаласында Жансүгіров тағылымы атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, бірнеше кітаптың тұсауы кесілді. Алдағы уақытта ақын өмірі мен шығармашылығының ақтаңдақ тұстары айтылып, бұрын-соңды жарыққа шықпаған туындылары оқырманға жол тартпақ.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ілиястанушы Мұратбек Иманғазиновтың айтуынша ақынның әлі еш жерде басылып шықпаған шығармалары көп.

«Мәселен: «Рүстем қырғыны», содан кейін «Бақытты Жамал», «Мұзқала», «Исатай-Махамбет» пьесасы, «Мақпал» пьесалары. Бірқатары бар, біреуі мүлдем жоқ. Аттары бар, тізімде жазылған, бірақ сол кітаптары өз басында шықпай қалды, жоғалып кетті», - дейді ғалым.

 Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғалымдары дәл осы жоғалған дүниелердің біразын іздеп тапты. Өңдеді. Мерейтой аясында 25 томдық кітап ретінде шығармақ. Ал ақынның туыстары болса қаламгердің туындыларын шет тілдеріне аудартып, Жансүгіровті жаһанға танытудың жолдарын қарастырып жатыр.

«Жуырда ғана ақынның «Құлагер» поэмасы ағылшын тілінде жарық көрді. Біраз шығармалары неміс тіліне аударылды», - дейді Ілияс Жансүгіровтің  келіні Қарлығаш Қаңтарбаева.

Қаламгердің 125 жылдығы кең көлемде ақынның кіндік қаны тамған Ақсу ауданында тойланады. Қазіргі таңда аудан орталығы Жансүгіров ауылының көшелері абаттандырылып, жолдары жөнделіп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT